Мұсылмандар үшін өрмекшінің орны бөлек. Себебі ислам дінінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға һижрет етіп бара жатып, Хира үңгіріне жасырынғаны туралы дерек бар. Сонда Алла Тағала өрмекшіге қысқа уақыт ішінде тор тоқуға әмір етеді. Сол кезде Пайғамбарымыздың ізіне түскен мүшріктер мен әскерилер үңгірдің аузына келіп тұрып, өрмекшінің торын көреді де мұнда ешкім жоқ деген оймен кері кетіп қалған деседі.
Ғалымдар өрмекші жібінің беріктігі мен сапалылығы жөнінде айтады. Өрмекшінің жібі темірге қарағанда алты есеге дейін берік болады екен.
Бүгінде жер бетінде өрмекшінің 3000-ға жуық түрі бар. Олардың ішінде адам алақанына симайтын алып өрмекші де, көзге әрең көрінетін май өрмекші және мүлде тор тоқымайтын түрлері де бар. Мысалы, Оңтүстік Америкада тышқан, торғайлармен қоректенетіні, адамды шақса өлтіріп жіберетін түрлері бар. Ондай өрмекшіні қазақтар «бүйі» десе, жергілікті халық «тарантул» дейді.
Мына фотодағы өрмекшінің қазақтар «Айқышты өрмекші» (лат. Araneus) деп атайды. «Айқышты өрмекші» Қазақстанның оңтүстігі және Оңтүстік Батысындағы шөлейтті алқаптарды мекендейді. Дене тұрқы 17-26 мм. аралығында болады. Денесінде ақ және ақшыл-қоңыр түсті дақтар крест белгісіне ұқсас орналасқан.
Айқышты аса улы жәндіктерге жатпайды. У-ы адам үшін де, мал үшін қауіпсіз болғанымен, сезім органдары өте жақсы дамыған. Оның 8 көзі бар, дана жыныстылар қатарына жатады.
Жалпы Қазақстанда өрмекшінің 30-ға жуық түрін кездестіруге болады.
Фото: Ерболат Шадрахов