..."/>
АЙҒАҚ

Тақуа тақсырлар

23288_CONSAGRADAS_CAR_2014

Мексиканың Пуэбла қаласындағы католик шіркеуінде Жалаңаяқ Кармелиттер орденінің жаңа мүшесі тақуа Рейна Мария волейбол ойнап жатыр. Ұзақты күн жұмыс істеп, мінәжат ететін діндарларға спорт қосымша күш-қуат береді.

Тіршіліктен баз кешкен бұл монастырлардағы тақуа әйелдердің өмірі дәстүр, дұға оқу және рок-н-роллмен біте қайнасып кеткен.

Мәтін, фото: МАРСЕЛА ТАБОАДА

Мексика монастырларындағы рим-католик тақуаларын зерттеуге үш жылдық грант ұтып алғанымда бұл мүмкіндікті барынша пайдаланып қа­луға тырыстым.

Құдайға құлшылық ету шарасының алдында монах әйелдер алтарь жамылғысының үстінде дін қызмет¬керінің белбеуіне литургиялық сөз жазады (жоғарыда). Олардың түскен портреті жоқ екенін айтқан соң, басына тәж киіп, қолына аса таяқ ұстаған Эмма тақуаны (оң жақта) суретке түсірдім.

Құдайға құлшылық ету шарасының алдында монах әйелдер алтарь жамылғысының үстінде дін қызметкерінің белбеуіне литургиялық сөз жазады. Олардың түскен портреті жоқ екенін айтқан соң, басына тәж киіп, қолына аса таяқ ұстаған Эмма тақуаны суретке түсірдім.

Мен туып-өскен Мексиканың Пу­эбла қаласындағы қайсыбір католик шіркеулерінің жасы 400 жылдан асып жығылады. Алайда ондағылардың көбі монастырда – сырт дүниемен байла­нысқа тыйым салынған оқшау күйде өмір сүрді. Бала күнімде олардың бәрі маған аңыз сынды көрінетін.

Олар өз әлеміне өзгені оңайлықпен кіргізбейді. Монастыр есігін қаққан сайын «аулақ жүр әрі» деп, есікті тарс еткізіп жауып алатын. Бірақ мен ақыры ол есікті аштым.

3778_CONSAGRADAS_CONC_2013

«Сіз не үшін ант бердіңіз?» деген сұрағыма тақуа әйелдердің біразы «жоғарыдан хабар алдық» десе, енді бірі тұрмыс құрғылары келмейтіндігін айтты. Ал бұрын рок тобында өнер көр­сеткен екі әпкелі-сіңлілі тақуалыққа «ру­хани мән іздегесін бет бұрдық» дейді.

Мен бұл жобаны қолға алғанда монах әйелдерді қатал, бірбеткей деп қабылдайтынмын. Алайда олар мен ойлағандай емес, көңіл көтеріп, емен-жарқын жүргенді ұнатады екен. Монах әйелдер жиынында Мария дель Кармен ана (сол жақта) мен Вирджиния тақуа тәттілер үстелінің қасында тұр.

Мен бұл жобаны қолға алғанда монах әйелдерді қатал, бірбеткей деп қабылдайтынмын. Алайда олар мен ойлағандай емес, көңіл көтеріп, емен-жарқын жүргенді ұнатады екен. Монах әйелдер жиынында Мария дель Кармен ана мен Вирджиния тақуа тәттілер үстелінің қасында тұр.

Мен күнде олармен бірге таңғы 4.30-да тұратынмын. Олар айтатын діни ән маған ұйқыашар болды. Со­дан кейін күнұзақ олардың мінәжат пен хор, тазалық жұмыстары мен ас әзірлеу сияқты күнделікті шаруаларын бақылайтынмын.

34178_CONSAGRADAS_CON_2015

Уақыт өте келе олардың да көңіл көтеретініне көз жеткіздім. Рок-н-ролл тыңдайтындары да бар. Араларынан бір футбол жанкүйерін де кездестірдім. Ол теледидар арқылы сүйікті командаларының ойынын тамашалап, ойыншылар үшін дұға жасап, жеңген кезде асыр сап қуанады екен.

21538_CONSAGRADAS_CON_2014-2

Шіркеуге өз еркімен қамалған тақуалар күн ұзаққа бір тынбайды. Олардың міндетіне алтарьды гүлмен безендіру, кір жуу, оны крахмалдап үтіктеу және шара біткеннен кейін банкет үстелін жинастыру кіреді.

Менің мақсатым, тақуа ғұмыр ке­шетін жандардың күнделікті көзден таса өмірінен сыр шерту еді. Олардың қаншалықты сезімтал әрі нәзік екенін өзгелер көрсе екен деймін. Кім біледі, бір күндері олардың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан өмір сүру салты да көзден ғайып болар…

Франциск монасты¬рына бару үшін әдияраттан шығуға мұрсат алған монах әйелдер Мексиканың Холула қаласындағы күн түстес қабырға¬ны бойлай сап түзеп бара жатыр. Тақуа әйелдерге қасында міндетті түрде серігі болған жағдайда дәрігер қабылдауына да баруға рұқсат етіледі.

Франциск монастырына бару үшін әдияраттан шығуға мұрсат алған монах әйелдер Мексиканың Холула қаласындағы күн түстес қабырғаны бойлай сап түзеп бара жатыр. Тақуа әйелдерге қасында міндетті түрде серігі болған жағдайда дәрігер қабылдауына да баруға рұқсат етіледі.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля