Әдетте біз күнді жарық түсіретін алып ғаламшар деп қана қабылдаймыз. Алайда, бұл ғаламшардың қалың көпшілік біле бермейтін басқа да құпиялары бар екен. Шын мәнінде күн сәулесінде біз білетін негізгі түстердің барлығы бар. Ондай түстер ел ішінде «кемпірқосақ» аталып кеткен табиғи құбылыстардан анық байқауға болады.
Кемпірқосақ – жауыннан кейін көрінетін ерекше құбылыс. Мұндай табиғи құбылыс әсіресе жауын жиі жауатын көктем айларында жиі көрінеді. Ал енді сол кемпірқосақтың қалай пайда болатынын біле жүрейік.
Күн сәулесі шыны немесе мөлдір заттан өткенде түрлі түске (қызыл, жасыл, көк, сары, күлгін) бөленіп, кемпірқоссақ тәрізді түске айналатыны белгілі. Ол сәулені ғылым тілінде «призма» деп атайды. Ал сол призмадан өткен жіңішке жарық шоғыры «спектр» деп аталатын түрлі-түсті жолақтарға жіктеледі.
Кемпірқосақ дәл осындай спектр болып табылады. Біз оны жарық сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткен кезде көре аламыз. Сол жаңбыр тамшыларының арқасында күн сәулесі түрлі түске ажырап, күн сәулесі жауын бұлты астына түскенде (таңсәріде немесе кешқұрым уақытта) ғана көреміз.
Фото: Ерболат Шадрахов