..."/>
ТАБИҒАТ

Мешкей инелік

MBA_3471

Ғалымдар дүниедегі ең мешкей жәндік – инелік деген тоқтамға келді. Мәселен, күйенте деген инелік екі сағатта қырықтан астам шыбын, маса немесе сона секілді жәндікті жеп қоюға қауқарлы. Егер де ол арыстандай жыртқыш аңға бір сәтте айнала кетсе екі сағат ішінде бір сиырды тұтастай жеп қойған болар еді.

Инелік – жер бетіндегі ең көне, әрі кең тараған жыртқыш жәндіктер отрядына жатқызылады. Ол көбінесе тропиктік және субтропиктік белдеулерде кездеседі. Қанаттарының құрылысына қарай инеліктер: тең қанаттылар (Zygoptera), әртүрлі қанаттылар (Anisoptera) және Anisozygoptera (Жапония мен Үндістанда ғана кездеседі) болып бөлінеді. Әлемде инеліктердің 4500-ден астам түрі тіршілік етсе, Қазақстанда оның 7 түрі кең тараған.

Жалпы инеліктердің ұзындығы – 14-120 мм. аралығында болады. Оның үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін толықтай алып жатыр.

Жұмыртқаларын суда өсетін өсімдіктердің сабағына салады. Қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы бірнеше мәрте түлегеннен кейін үлкен инелікке айналады.

Инеліктерді еліміздегі Қапал, Тентек, Ақсу, Қарқара және Текес секілді тау өзендері бойынан жиі кездестіруге болады.

Фото: Біләл Арслан

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля