..."/>
ТАБИҒАТ

Кең дала санитары

 

01 Шпигельман Корсак

Қазақстанның шөлді және шөлейтті жерлерінде мекендейтін қарсақ аңғарлы сайлар мен тау етектерінен жиі кездестіруге болады. Ол түлкі тұқымдасына кіретін жыртқыш аңдар қатарына жатады.

Дене тұрқы 50-55 сантиметр, құйрығы 30 сантиметрден асатын қарсақтың түлкіден басты айырмашылығы: құлағы ақ және тұмсығы сүйір болып келеді. Және жылына екі мәрте түлейді (көктем және жаз айларында).

Қарсақтың терісі бағалы болғандықтан оны аулайтындардың да қарасы қалың. Ол адамдарға қосымша табыс әкелгенімен құтыру мен оба секілді ауруларды тарататын жан-жануарлар қатарынан. «Сондықтан қарсақты аулап, ұстар аса сақ болу керек», – дейді кәсіби аңшылар.

Қарсақ негізінен тереңдігі 2 м., ұзындығы 6 м. дейін ін қазып алып тіршілік етеді. Ол кейде түлкі, борсық немесе суырдың ескі індерін де «баспана» ретінде пайдалана береді.

Оның негізгі қорегі – өлекселермен қатар тышқан, құмтышқан, сарышұнақ, суыр және қоян болғанымен ара-тұра тасбақа, жылан мен кесірткелерді де жей береді.

Қазақстанда қарсақтың 3 түрі мекендейді. Атап айтқанда, қарсақтың ең ірісі «Қазақстан қарсағы» орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда тіршілік етсе, «қалмақ қарсақты» Орал тауларының шөлді алқаптарынан кездестіруге болады. Ал үшінші түрі, ең ұсағы  «түркімен қарсағы» еліміздің оңтүстік-батыс, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кеңінен тарған.

Фото: Михаил Шпигельман

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля