..."/>
ТАБИҒАТ

«Сарытас» құпиясы

Йеллоустоун (сарытас) ұлттық паркінің жазғы көрінісі көз шағылыстырады, ал оның астында өзгеше шындық жасырулы. Фотограф Брайан Скерри мыңдаған жыл бұрын сөнген гидротермалды жанартаудың кратерінде пайда болған Йеллоустоун көлінің өзге әлемдік экожүйесімен танысып қайтты. Ал суреттегі Ұлттық парк қызметінің дайвері әрі фотографы Бретт Сеймур оған гид болды.

Бір апта қалды

Биіктіктің өзгеруі

Бала кезінде Скерри химия жабдықтарына қарағанда тас жинағанды көбірек ұнатып, геолог боламын деп үміттенген. 11 000 жылдық гидротермалды суасты түзінділері арасына сүңгу – ол армандаған тапсырманың бірі. Алайда Скерри жуырда ғана Оңтүстік Кореядан оралды. Дельфиндердің артына түсіп жүрген жерінен ол бірден Солтүстік Америкадағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көлдердің бірі – Йеллоустоунға келмекке бел буғаны жағамызды ұстатты. Өйткені оның жұмыс істеу ортасы 2300 метрге бір-ақ ауыспақ еді. Ол қаншалықты дайын?

Үш күн қалды

Қажетті заттардың тізімі

Өзін мұзды судан қорғау үшін Скерри су өткізбейтін сүңгуір костюмін киіп алды. Гидрокостюмге қарағанда оның ішінде термалды қабаттары бар. Қайықтан суға сүңгіген кезде, Скерридің үстінде 45 килолық құрылғы болды.

  • Су өткізбейтін сүңгуір костюмі;
  • Салмағы 13,6 килолық сүңгу жабдықтары (қорғасыннан);
  • Жүн шұлық, термалды сым мен жейде;
  • Тоғыз портативті су­­асты шамдары;
  • Камера жабдықтары салынған сегіз қорап.

Минуттар қалғанда

Жолға шығуға дайынбыз

Скерри мен Сеймур күн сайын қайықпен көлге барып, құралдарын сайлап, арқамен суға түсіп, монохроматикалық реңкті өзге әлемге еніп кетеді. Судың асты қараңғы. Бір жерге бағытталған жарықтың өзі сегіз-ақ метр қашықтықты көруге мүмкіндік берді. Оның өзіне өте көп жарық қажет болды. Сеймур екеуі айналаны фотостудиядия­дағыдай жарыққа бөлеу үшін тоғыз шамды қатар орнатуға бір апта уақыт жұмсайды. Бәрі де ойдағыдай кадр үшін!


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля