..."/>
ТАБИҒАТ

Туризм дәретханадан басталады

Әдетте қазақ жерінің хикметтері жайлы көп айтамыз. «Дүниеде жоқ, сирек кездеседі» деген теңеулерді де жиі қолданамыз. Онда неге әлемдік туристер Қазақстанды білмейді?

Халықаралық тәжірибе бойынша экономикаға әсер ететін турист – білінбей келіп, білінбей кететін турист емес, қонақүйлерге түсіп, музей, қорықтарды аралап, дүкендерден сауда жасап, арнайы қызмет түрлерін пайдаланатын турист екен. Ендеше оған сай деңгейде жағдай жасалу керек деген сөз. Жағдай дегенде бәлендей қиын да емес, әлеу­меттік зерттеулер көрсеткеніндей, туристке үш-ақ нәрсе қажет екен. Біріншісі – жақсы жол, екіншісі – электр энергиясы, үшіншісі – заманауи таза дәретхана. Міне, осы үшеуі ғана елге миллиондаған турист әкеле алады.

«ҚР 2019-2023 жж. әлеуметтік-экономикалық даму болжамында» туризмді дамытудың басым бағыттары бойынша былай делінген:

«Өңірлерді қолайлы инвестициялық ахуал­мен қамтамасыз ету мақсатында «Арнайы туристік аймақтар» енгізіледі және туристік қызығушылыққа танымал орындар бағыттары бойынша әуе, теміржол, автобус рейстерін субсидиялау мәселелері шешіледі.

Визалық көші-қон режимін ырықтандыру бойынша экономикалық дамыған әрі саяси тұрақты 63 елде визалық орталықтар ашу және Алматы, Астана халықаралық әуежайлары арқылы 72 сағаттық визасыз транзитті енгізу бойынша жұмыстар жалғасады».

Келесі беттерден шетелдіктер үшін Қазақстанның ең тартымды саналатын туристік орындары туралы мәліметтерді оқи аласыздар. Алғашқы орында сөзсіз Алматы қаласы тұр. Елімізге жылына шамамен 4,5 млн. турист ат басын бұрса, соның 1 миллионға жуығы тек ару Алматыны көруге келеді екен.


Авторы: Мақсат Ясылбайұлы, фото: Ерболат Шадрахов

Еліміздегі туризм саласының даму барысын журналымыздың арнайы қосымшасынан да оқи аласыздар.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля