Тұмса табиғатымен танымал Бандипур ұлттық паркінде таңмен таласа сафариге шыққан Лазарус пен оның бірнеше досы уақытының басым бөлігін жолбарысты аңдумен өткізді. Әлдебір саңылаудың қасына тоқтағанда топ он шақты маралдың жайылып жүргенін көреді. Лазарус әрмен қарай жүре берген достарын тоқтатып, сәл кідіре тұруларын сұрады. Жасыл желек фонында тұрған қос маралдың біреуі, сәлден соң екіншісі туристер тобына басын көтеріп, қарайды. Лазарустың мұндай ғажап көріністі қалт жібермесі анық.
КІМ?
Алвис Лазарус, 37 жаста, Үндістанның Бангалор қаласында тұрады, материалдық-техникалық жабдықтау мен басқару жөніндегі консультант.
ҚАЙДА?
Үндістанның Карнатака штатындағы Бандипур ұлттық паркі
НЕ?
150-600 мм объективті A Nikon D810 фотоаппараты
National Geographic журналының Your Shot қауымдастығына қосылып, nationalgeographic.kz вебсайты арқылы өзіңіздің фотоларыңызбен бөлісіңіз.
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе,
shopnationa